ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша Департаментінің басшысы М. Мусин «Esil» университетінің студенттерімен кездесті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тапсырыс аясында оқуын сәтті аяқтаған және оқу үлгерімі жоғары (ЖОК 3.33) түлектерді мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар ету болды. Ауданда және ауылдық жерлерде төменгі мемлекеттік лауазымдарға ағымдағы жыл ішінде конкурссыз тағайындау мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.
УНИВЕРСИТЕТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТҮСУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


