Esil University «Құқық» кафедрасы аясында ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 1 курс магистранттары — Ескали А.Т., Файзоллаева Ж.Н. және Тайтелев А.А. қатысуымен мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шара барысында «Жеке тұлғалар жасаған қылмыстар үшін жаза тағайындау мәселелері», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберіндегі мәселелер» және «Жастар санасына деструктивті діни экстремизмнің ықпалына қарсы күрестің құқықтық аспектілері» тақырыптары жан-жақты талқыланды.


