Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Жас көрермен музыкалық театрының актерлерімен кездесу

Esil University-нің ғылыми кітапханасы 1 наурыздағы Алғыс айту күніне арналған музыкалық-танымдық кездесу ұйымдастырды. Қонақтар болып Астана қаласының Жас көрермен музыкалық театрының актерлері болды: Дінісламн Нұрмағанбетов — ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері, Ернар Мұхамбет және Ақшынар Қалдыбай, Жанел Есенгелдина — актриса, Алишер Исмаилов — актер.

Іс-шараның мақсаты — студенттеріміздің, жастардың сахнада ойнайтын және орындайтын әрбір рөлін өзіне, досына, отбасына, ұстазына, уақытқа, қоғамға тұтастай алғанда алғыс сезімімен бағыттау, яғни әркімнің өзіне және өз тағдырына құрметпен қарауы.

Жас көрермен музыкалық театрының актерлерімен кездесуЖас көрермен музыкалық театрының актерлерімен кездесу

Алғыс — адамгершіліктің белгісі. Алғыс — әрбір адамның санасы. Іс-шарада сондай-ақ алғыс пен өмірге және айналамыздағы дүниеге оң көзқарастың маңыздылығы тақырыбындағы көрмелер мен презентациялар ұсынылды. Кездесу университет қауымдастығының өмірінде жарқын және маңызды оқиға болды, қазіргі дүниедегі құрмет, мейірімділік пен алғыстың маңыздылығын ерекше атап өтті.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық