Esil University-дің қолданбалы ғылымдар факультетінде «Экологиямызды қалай сақтаймыз?» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараны «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценттері М.Х. Хасенова және Ф.З. Жақсылықова өткізді. Тәрбие сағатына «Туризм» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарының 1-курс студенттері қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде М.Х. Хасенова табиғаттың адам өміріндегі рөлін атап өтіп, ақын Олжас Сүлейменовтың және физик Альберт Эйнштейннің сөздерін келтірді.
Тәрбие сағаты барысында студенттер ұлттық киімдерде орыс және қазақ тілдерінде экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы презентациялар жасады. Әрбір студенттің экологиялық мәселелерді шешуге қосар үлесіне: суды, электр энергиясын үнемдеуге, тазалықтың маңыздылығына және қалдықтарды өңдеуге ерекше назар аударылды. Қорытындысында студенттердің табиғат туралы жұмбақтар бойынша білімін тексеру викторинасы өткізіліп, студенттер мен оқытушылар бірге А. Островский мен Л. Ошаниннің «Күн шеңбері» әнін үш тілде орындады.