2024 жылдың 18 қыркүйегінде Бизнес және Басқару Факультетінің аға кураторы Замбинова Зауре Болатовна «Esil University» жатақханасында кешкі кезекшілік жүргізді.
Кезекшілік кезінде Зауре Болатовна корпустың барлық қабаттарын аралап, студенттердің ұсыныстары мен ескертулерін тіркеді. Сондай-ақ «Салауатты өмір салты: ҚР-дағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары 2023–2025 жж.» тақырыбында әңгіме өтті.
Студенттерге психоактивті заттарды қолдануды бастауды болдырмауға және олардың қолданылуымен байланысты мәселелердің дамуын шектеуге бағытталған алдын алу принциптерін сақтау бойынша ұсыныстар берілді. Алдын алу күш-жігері жеке тұлғаға да, оның қоршаған ортасына да бағытталуы мүмкін.
Профилактикалық іс-қимылдар заттардың қолжетімділігі мен оларға деген сұранысты азайтуға ықпал ететін қоғамдастық жағдайларын немесе саясатты өзгертуге бағытталуы мүмкін. Студенттер әңгімеге белсене қатысып, қызықтыратын сұрақтар қойды және аға куратордың сөзін қызығушылықпен тыңдады.