Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-дің болашақ IT-мамандары салауатты өмір салтын таңдайды

ESIL University-де студенттердің құқықтық және валеологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «Темекі шегудің адам ағзасына әсері» тақырыбында мазмұнды кураторлық сағат өтті. Іс-шара АЖ-25/23, АЖ-25/22 және АЖ-24/1 топтары үшін куратор Г.Т. Азиева ұйымдастырды.

Қазіргі цифрлық дәуірде болашақ IT-мамандары үшін жоғары зияткерлік өнімділік аса маңызды. Ал оған тек мықты денсаулық пен ашық ақыл арқылы қол жеткізуге болады. Сабақ барысында куратор Гүлмира Азиева темекі мен электрондық сигареттердің (вейптердің) жүйке жүйесіне, есте сақтауға және адамның жалпы дене күйіне тигізетін зияны туралы егжей-тегжейлі тоқталды. Заңнамалық аспектіге — қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуға ерекше назар аударылды.

Esil University-дің болашақ IT-мамандары салауатты өмір салтын таңдайдыEsil University-дің болашақ IT-мамандары салауатты өмір салтын таңдайды

Студенттер статистикалық деректермен танысып, темекі түтінідегі улы заттардың организмді дәл қалай бұзатынын білді. Қатысушылар қазіргі заманғы зиянды әдеттердің алдын алу жолдарын талқылады және салауатты өмір салтына деген өз көзқарастарымен бөлісті.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық