«Жасанды интеллект, инклюзия және академиялық адалдық: инновациялар мен білім беру құндылықтарының тепе-теңдігі» атты Халықаралық оқу-әдістемелік конференция аясында «Цифрлық бағалау жағдайындағы студенттердің академиялық адалдығы: Microsoft Teams платформасын пайдалану тәжірибесі» тақырыбында баяндама ұсынылды. Докладчик: Әден Айжан Жолдыбекқызы, магистр, преподаватель кафедры «Социальные и гуманитарные дисциплины».
Баяндамада цифрлық білім беру ортасында академиялық адалдықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қарастырылды, оқу процесін ұйымдастыруда Microsoft Teams платформасын пайдаланудың практикалық аспектілері ұсынылды, сондай-ақ бірінші курс студенттерінің ірі ағындарымен жұмыс тәжірибесі баяндалды. Баяндаманың тақырыбы конференцияның бағытына сай болды және іс-шара қатысушыларының кәсіби қызығушылығын тудырды.


