Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты дамыту шеңберінде «Туризм және қонақжайлылықтың халықаралық университеті» ҰАҚ Туризм мектебінің оқытушысы Қурманалиева Таншолпан Ақжанқызы 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап практикалық сабақтар жүргізу және академиялық және кәсіби тәжірибемен алмасу мақсатында Esil University-ге келді.
Сабақтар университет басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамның өкілдерінің белсенді қатысуымен ұйымдастырылды. Оқу үдерісіне ФПҒ деканы Мұхамеджанова А.А., «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының меңгерушісі Садыков Ж.А., «Туризм» білім беру бағдарламасының жетекшісі Гиззатжанова А.Г., сондай-ақ «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының басқа оқытушылары қатысты.


