Негізгі мазмұнға өту
*ESIL University

Кітапхананы пайдалану ережелері

Оқырмандардың құқықтары

1. Кітапхананы пайдалану құқығы студенттерге, профессор-оқытушылар құрамына, ЖОО қызметкерлеріне беріледі.

2. Кітапханаға тіркелу үшін оқырмандар студенттік билетті, төлқұжатты, жеке куәлікті және 3х4 фотосуретті ұсынады.

3. Кітапханаға тіркелу кезінде оқырман Пайдалану ережелерімен танысып, оларды орындау міндеттемесін оқырман формулярындағы қолымен растауы тиіс.

4. Әдебиет алу үшін оқырман оқырман билетін ұсынады, оқырман талабын толтырады, кітап формулярларына қол қояды.     

5. Оқу әдебиеті бір семестрге беріледі. Ғылыми әдебиет 1 айға дейінгі мерзімге ПОҚ-қа, ғылыми қызметкерлерге, аспиранттарға, дипломшы студенттерге 5-10 дана көлемінде; оқырмандардың басқа санаттарына 5 дана беріледі. 

6. Басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса, оқырмандар кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарта алады.

Ескертпе:  

1. Энциклопедиялар, анықтамалық басылымдар, сирек және құнды кітаптар, кітапханада бір данада бар, мерзімді басылымдар тек оқу залында беріледі.

2. Оқырмандардың өзге санаттарына тек оқу залында қызмет көрсетіледі.

Оқырмандардың міндеттері

1. Оқырмандар кітаптарға ұқыпты қарауға міндетті: оларды мерзімінде қайтару.

2. Кітапты алу кезінде оқырмандар басылымды мұқият қарап шығуы және ақау байқалған жағдайда бұл туралы кітапханашыға хабарлауы тиіс.

3. Оқырмандар жаңа күнтізбелік жылдың басында өзіне тіркелген барлық әдебиетті ұсына отырып, оқырман билеттерін қайта тіркеуге міндетті.

4. Жазғы демалыс пен еңбек демалысы кезеңіне оқырмандар алған кітаптарын тапсырып, айналып өту парағында белгі алуға міндетті.

5. Кітапхана қорына зиян келтірген оқырман Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес материалдық жауапкершілік атқарады.

6. Кітаптар мен өзге де материалдар жоғалған немесе бүлінген жағдайда оқырман оларды дәл сондай немесе кітапхана құны тең деп таныған басылымдармен ауыстыруға міндетті.

7. Пайдалану ережелерін бұзғаны үшін оқырмандар барлық қызмет көрсету пункттерін пайдалану құқығынан айырылады 1 ай мерзімге.

Ескертпе: 

1. Кітапхана қорынан кітаптардың жоғалуына немесе әдейі емес бүлінуіне жауапты оқырмандар кітапхана таныған құны тең кітаптармен ауыстыруға, ал ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда өтеуге міндетті 3 еселенген мөлшерде.

2. Егер оқырман абонемент арқылы белгілі бір мерзімге берілген кітапты бір айдан астам қайтармаса, мынадай шара қолданылады 1 дана үшін 100 тг. көлемінде айыппұл.

3. Кітаптар мен мерзімді басылымдарды оқу залынан шығарғаны үшін мынадай шара қолданылады  1 дана үшін 100 тг. көлемінде айыппұл және кітапхананы 1 ай пайдалану құқығынан айырылады.