Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University Шымкентте ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шымкент қаласында Esil University мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ академиялық серіктестікті нығайтуға, мамандар даярлау сапасын арттыруға және оқушылар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.

Esil University Шымкентте ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Esil University атынан қол қою рәсіміне қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Аханов Берік Үтелбайұлы және «Құқық» кафедрасының меңгерушісі Асқар Қалиев қатысты.

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі тарапынан меморандумға директор Ажар Арынбекова қол қойды.

Келісімнің жасалуы ұйымдар арасындағы бірлескен білім беру жобаларын іске асыру және одан әрі ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа перспективалар ашады.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық