Esil University бірінші проректоры — академиялық қызмет жөніндегі проректор Мақыш Серік Биханович Польша Республикасындағы VIZJA University in Warsaw университетіне барды.
Визит аясында серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі дамыту талқыланды, сондай-ақ Esil University мен Варшавадағы VIZJA University арасындағы ынтымақтастық меморандумын ұзарту жұмыстары жүргізілді.
Университеттер арасындағы ынтымақтастық қос диплом бағдарламаларын іске асыру, ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру және академиялық мобильділікті дамыту сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Esil University халықаралық серіктестікті одан әрі нығайтуға, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды кеңейтуге, сондай-ақ Варшавадағы VIZJA University-мен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілігін білдіреді.