Esil University-де университет пен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» МҰ филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.
Кездесуге Астана қаласының «Жастар Рухы» филиалының төрайымы, Астана мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм, қалалық филиал төрайымының орынбасары Элмира Дулатова, сондай-ақ Esil University ректоры Аяпберген Таубаев және студенттермен жұмыс жөніндегі декан Шынар Күнгелдіқызы қатысты.


