Түркістан қаласындағы Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында болашақ абитуриенттер мен жоғары оқу орындарының өкілдерінің кездесуіне арналған маңызды алаңға айналған Study in білім беру көрмесі өтті.
Esil University-ді көрмеде қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Берік Аханов және «Құқық» кафедрасының меңгерушісі Асқар Қалиев таныстырды. Іс-шара барысында олар мектеп пен колледж түлектерін дайындаудың негізгі бағыттарымен, оқу процесінің ерекшеліктерімен, сондай-ақ университет студенттеріне ашылатын мүмкіндіктермен таныстырды.

