Екатеринбург қаласында Еуразия аймағының жетекші жоғары оқу орындары өкілдерін біріктірген «Халықаралық білім беру ынтымақтастығы: теңгерім мен жаңа шешімдер іздеу» тақырыбындағы Еуропа-Азия конгресі өтті.
Форумның негізгі оқиғаларының бірі халықаралық консорциум өкілдерінің қатысуымен өткен VIII сессия болды. Оның аясында Esil University мен В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университеті (УрГЮУ) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Esil University атынан іс-шараға ректор, э.ғ.д. Аяпберген Таубаев қатысты, ол халықаралық ынтымақтастықты дамыту және «Заңтану» білім беру бағдарламасын жаңғырту тақырыбында баяндама жасады. Ректор өз сөзінде бакалавриат және магистратура деңгейінде де қос диплом бағдарламаларын құрудың маңыздылығын атап өтті, бұл академиялық ұтқырлық пен бірлескен ғылыми жобалар үшін жаңа горизонттар ашады.
Сондай-ақ Esil University делегациясы құрамында конгресске қолданбалы ғылымдар факультетінің деканы, PhD докторы Айгүл Мухамеджанова және «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. Асқар Қалиев қатысты.
Меморандумға қол қою халықаралық академиялық байланыстарды нығайтудағы маңызды кезеңге айналды және Esil University мен ЮУрГУ арасында бірлескен білім беру, зерттеу және алмасу бағдарламаларын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.