Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University Қырғыз ұлттық университетімен меморандумға қол қойды

Esil University-де ҚР ҰҒА академигі, профессор Г.С. Сейткасимовтың 85 жылдығына арналған «Сейткасимов оқулары – 2025» «Қазақстанның цифрландыру жағдайындағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын дайындау аясында шетелдік серіктестермен кездесу өтті.

Кездесу барысында Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен (Бішкек қ.) ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Esil University Қырғыз ұлттық университетімен меморандумға қол қойдыEsil University Қырғыз ұлттық университетімен меморандумға қол қойды

Талқылауға шет елдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты: Далянь технологиялық университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры (ҚХР) Хэ Сяофан, Беларусь мемлекеттік экономика университетінің (Беларусь) доценті Галина Турбан, Далянь политехникалық университетінің профессоры (ҚХР) Го Шухун, сондай-ақ Ж. Баласағын атындағы ҚҰУ-дың доценті, Докторантура мектебінің директоры Алмазбек Дооранов.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық