Esil University-дің 25 жылдығы құрметіне атаулы оқу аудиторияларын және зертханаларын салтанатты ашу рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бірінші ректоры, академигі Ғабдығапар Сейтқасымовтың атындағы аудитория, э.ғ.д., профессор, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі Алданыш Нұрымовтың атындағы «FinTechLab» оқу зертханасы, п.ғ.д., профессор Сәрсенғали Абдыманаповтың атындағы «Математикалық және компьютерлік модель» оқу зертханасы, э.ғ.д., профессор Сайлау Байзақовтың атындағы «Экономикалық-математикалық модельдеу» оқу зертханасы таныстырылды.


