Esil University ректоры Таубаев Аяпберген атынан және «Қайса» корпоративтік қайырымдылық қоры директоры Нұрлан Ибраев атынан ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Бұл келісім шахмат саласы мен ынтымақтастықтың басқа салаларында спорттық дайындықтың жұмыс істеуі мен дамуына белсенді жәрдемдесуге бағытталған.
Қол қойылған келісім аясында тараптар Қазақстандағы кәсіпқой шеберлерімен бірлесіп жүргізілетін шахмат бойынша бірқатар мастер-кластар өткізуді жоспарлауда. Бұл оқиға студенттер мен жалпы қоғамда шахматқа қызығушылықты арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады, сонымен бірге қатысушылардың зияткерлік және спорттық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Біз бұл ынтымақтастықтың спорт мәдениетін дамыту және жас ұрпақты тәрбиелеу үшін жаңа перспективалар ашатынына сенімдіміз және жоспарланған бастамалардың жүзеге асырылуын асыға күтеміз.