Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University мен «Алкон Фирмасы» ЖШС Қостанай облысының зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жіберді

Esil University «Алкон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп Қостанай облысының оңтүстік өңірінде су тасқынынан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жинады. Өткен аптада Қостанай облысының Арқалық, Амангелді, Жангелді халқына арналған гуманитарлық көмек тиелген жүк автомобилі жіберілді.

Жүк автомобиліне 100 жаңа төсек-орын жиынтығы тиелді. Олардың ішінен 40 жиынтық Арқалық қаласының мешітіне берілді, 30 жиынтық Амангелді ауданына, 30-ы Жангелді ауданына жеткізілді.

Esil University мен «Алкон Фирмасы» ЖШС Қостанай облысының зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жібердіEsil University мен «Алкон Фирмасы» ЖШС Қостанай облысының зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жіберді

«Бүкіл Қазақстанда гуманитарлық көмек қорлары жасақталып жатқанын және адамдардың бұл игілікті іске белсенді қатысып жатқанын көру қуантады. Біздің топ ұжыммен, студенттермен, ата-аналармен және университеттің кәсіпкер-серіктестерімен бірлесіп қайырымдылық қоры құрды. Бұл қор WhatsApp тобы арқылы жұмыс істейді.»

Біздің жұмысымыздың ерекшелігі — тұрғындар мен жергілікті әкімшіліктен қажетті бірінші кезектегі заттар тізімін аламыз. Бүгін біз Арқалық, Амангелді және Торғай тұрғындарын 100 жаңа төсек-орын жиынтығымен қамтамасыз еттік. Әрбір жиынтыққа ыңғайлы матрас, жастықтар, жабынқылар, сүлгілер және басқа да қажетті заттар кіреді. Бұл көмекті Торғайға жеткізу үшін жүк автомобилін жалға алдық және барлық материалдар адресаттарға сәтті жеткізілді. Esil University белсенді қатысуы мен қаржылық қолдауы үшін серіктесіміз, «Алкон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Аюпов Аман Биляловичке алғыс білдіреді. Басқа кәсіпкерлер-серіктестер біздің жұмысымыздың мөлдірлігі мен тиімділігіне көз жеткізіп, қорымыз арқылы көмек беруге ниет білдірді», — деп атап өтті университет ректоры Аяпберген Таубаев.

Университетте гуманитарлық көмек жинау процесі жалғасуда. Келесі аптада екінші жүк автомобилін жіберу жоспарлануда.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық