Esil University білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты Степногорск қаласының Тау-кен техникалық колледжімен .
Бұл келісім білім беру саласындағы жемісті өзара іс-қимылды орнатуға бағытталған. Меморандум шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, студенттер мен оқытушылар алмасуын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын жүргізу жоспарланып отыр.


