2026 ж. 23 сәуірХабарландырулар
Esil University-де бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: мансап бастауы — 29 сәуірде
Esil University студенттерді, магистранттарды және докторанттарды 29 сәуірде өтетін Жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.
Жәрмеңке шеңберінде қазақстандық және халықаралық компаниялар, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, сондай-ақ кадрлық агенттіктер өз ұсыныстарын таныстырады. Қатысушыларға толық және ішінара жұмыспен қамту бойынша бос орындар, тағылымдамалар мен практика бағдарламалары қолжетімді болады.
Дата: 2026 жылдың 29 сәуірі Время: 14:30–17:00 Өткізілу орны: Астана қ., А. Жұбанов к-сі, 7
Жәрмеңкеге қатысу мүмкіндік береді: — еңбек нарығының өзекті ұсыныстарымен танысу — жұмыс берушілермен алғашқы сұхбаттан өту — жұмысқа орналасу және мансаптық даму мәселелері бойынша кеңес алу
Барлық мүдделілерді табысты кәсіби іске асырудың алғашқы қадамын жасау мүмкіндігінен пайдалануға шақырамыз.