Астанада Аймақтық экологиялық саммит–2026 өтуде — бұл аймақтың өзекті климаттық және экологиялық мәселелері бойынша келісілген шешімдер өндіру мақсатында Орталық Азия елдерінің өкілдерін біріктірген ауқымды іс-шара.
Саммит аясында жастарды экологиялық күн тәртібіне тарту мәселесіне ерекше назар аударылады. Esil University «Туризм» білім бағдарламасының 1-курс студенттері көрмелік және іскери бағдарлама жұмысына қатысты. Куратормен — Ғиззатжанова А.Ғ., Күрмәнғалиева Ж.Қ., Мұслімбекова М.А., Амангелді Е.М., сондай-ақ оқытушылармен бірге олар заманауи экологиялық бастамалар мен инновациялық жобалармен танысты.


