Әлеуметтік мекемелердің қызметімен практикалық танысу мақсатында Esil University «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттері Астана қаласының «Белсенді өмір сүру орталығы» КМК базасында өткізілген шыққан сабаққа қатысты.
Сабақ барысында студенттер Орталықтың жұмыс бағыттарымен танысты, қарт азаматтарға көрсетілетін қызметтер туралы білді, сондай-ақ ұрпақаралық байланысты нығайтуға бағытталған интерактивті іс-шараларға қатысты. Мекеме өкілдері іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар, бос уақытты ұйымдастыру шаралары және қарт адамдарды психологиялық қолдау туралы айтып берді.


