«Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Маней Хайбар «Заңтану», «ЭҚБҚ», «Кеден ісі» мамандықтарының 1 курс студенттеріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын халыққа түсіндіру жұмыстары аясында «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мәні мен ерекшеліктері» тақырыбында дәріс өткізді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндірудің басты мақсаты — жаңа тарихи кезеңде мемлекеттік құрылымды қайта құру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейту және «әділ Қазақстан» қағидаттарын бекіту.
Бұл процесс қоғамдық сананы жаңғыртуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған
Интерпретацияның негізгі мақсаттары мен бағыттары:
Құқықтық сауаттылықты арттыру: азаматтарға ата-ана құқығының жаңа өзгерістері мен маңызын жеткізу
Құқықтарды қорғауды күшейту: жаңа нормалардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын түсіндіру
Саяси жүйені жаңғырту: мемлекеттің саяси-құқықтық жүйесіндегі өзгерістерді талқылау.
Заң үстемдігін қамтамасыз ету: конституциялық реформаның негізгі ережелерін қоғамға түсіндіру.
Қоғамдық сананы жаңғырту: мемлекет негіздерін түбегейлі өзгерту мәселелерін талқылау.
Дәріс қызықты және тартымды өтті, студенттер белсенді қатысып, өз кезегінде сұрақтарына жауап алды.