Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенті Фариза Дилимбетова: халықаралық конференциядағы жетістік және «ТМД-ның үздік студенті 2024» марапаты

Б-Қар 20/1 Р тобының 4 курс студенті Дилімбетова Фариза 2023 жылдың 25-30 қараша аралығында өткен «GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» ХХІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына «АҚ «Jusan Bank» несие портфелін талдау» тақырыбындағы ғылыми мақаласымен қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.м. Керимқұлова Динара Жамбылатқызының ғылыми жетекшілігімен дайындалған Дилімбетова Фаризаның ғылыми мақаласы 2-орын иеленді.

Esil University студенті Фариза Дилимбетова: халықаралық конференциядағы жетістік және «ТМД-ның үздік студенті 2024» марапатыEsil University студенті Фариза Дилимбетова: халықаралық конференциядағы жетістік және «ТМД-ның үздік студенті 2024» марапаты

Дилімбетова Фариза сонымен қатар «ТМД-ның үздік студенті 2024» кеуде медалімен марапатталды. Фаризаны осы керемет жетістігімен құттықтаймыз және болашақ ғылыми жетістіктер мен жеңістерді тілейміз!

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық