«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы мен «Құқық» кафедрасы Қолданбалы ғылымдар факультетінің деканы PhD, доцент Мұхамеджанова А.А. жетекшілігімен ҰҚК ШҚ «Астана» шекаралық бақылау басқармасындағы жұмысқа орналасумен таныстыру бойынша қонақ дәріс ұйымдастырды.
Спикер ретінде ҰҚК ШҚ «Астана» шекаралық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Дурманов М.Ж., ф.ғ.к. Жукова А.А., ҰҚК ШҚ «Астана» шекаралық бақылау басқармасының тәрбие, идеологиялық және кадрлық қызмет бөлімінің офицері Тулебаев Д.Ж. сөз сөйледі.
Қонақ дәрісі Қолданбалы ғылымдар факультетінің 1-3 курс студенттері үшін (Кеден ісі, Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету, Ақпараттық жүйелер, Ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Заңтану) мамандықтары бойынша ұйымдастырылды.
Қонақ дәрісі барысында шекаралық қызметтен өтудің негізгі кезеңдері түсіндірілді, студенттер белсенді сұрақтар қойды, ҚНБ ШҚ «Астана» Шекаралық бақылау басқармасының буклеттері таратылды. Болашақта қос диплом алумен маман даярлауды дамыту және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жұмыс жоспарлануда.