2018 жылдың 26-27 ақпанында Румыния, Крайова университетінде ERASMUS+ КА2 «Университет-бизнес-үкімет ынтымақтастығы арқылы жоғары оқу орындарында білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін енгізу» (EDUQAS) халықаралық білім беру жобасы қатысушыларының құрылтай жиналысы өтті.
Жобаның негізгі мақсаты — серіктес елдердің университет студенттерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ететін тиімді ішкі сапа стандарттарын әзірлеу арқылы білім сапасы жүйесін енгізу. Ішкі сапаны бақылау жүйесі қазақстандық және украиналық жоғары оқу орындарының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін талдауға, Болон үдерісіндегі сапа жүйесінің тәжірибесі мен үздік практикаларына негізделетін болады.
Консорциумға Украина, Румыния, Бельгия, Франция, Латвия, Швеция, Болгария, Қазақстан университеттері-жоба қатысушыларының өкілдері кіреді. Қазақстанды екі университет өкілдік етті: Абылай хан атындағы Қазақстан халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы) және Қазақстан экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Астана), Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің белсенді қатысуы мен қолдауымен.
Кездесу барысында консорциумның барлық мүшелерінің презентациялары ұсынылды, жұмыс пакеттеріне жауапты рөлдер мен міндеттер айқындалды, жоба және қаржы менеджменті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Крайова университетіндегі сапаны қамтамасыз ету жүйесі қарастырылды.