Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University профессоры Мәскеудің Қаржы университетінде дәріс оқыды

Esil University «Бизнес және басқару» факультетінің «Қаржы» кафедрасының профессоры Есымханова З.Қ. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің (Мәскеу қ.) базасында қашықтан форматта жүзеге асырылған «Шақырылған профессор» бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама аясында «Экономика» бакалавриат бағытының студенттері үшін «Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі цифрлық активтер» тақырыбында дәріс өтті. Сабақ барысында цифрлық трансформация жағдайындағы Қазақстан төлем жүйелерінің дамуы мен жұмыс істеуінің негізгі аспектілері ашылды.

Esil University профессоры Мәскеудің Қаржы университетінде дәріс оқыдыEsil University профессоры Мәскеудің Қаржы университетінде дәріс оқыды

Лекция дискуссия элементтері бар интерактивті форматта өтті, презентациямен және практикалық мысалдармен сүйемелденді, бұл студенттерге заманауи қаржылық үдерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық