Esil University оқытушылары Досым Байдрахманов пен Асель Рахимбекова шетелде кадрлар даярлауға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері болды.
Досым Хасенұлы Байдрахманов Visiting Scholar бағдарламасы бойынша Lancaster University (UK) университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді, ал Асель Ермекқызы Рахымбекова — University of Illinois Urbana-Champaign, Illinois (USA) университетінде.


