2025 ж. 6 қарашаЖаңалықтар
«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасында ПОҚ пен студенттерге арналған шеберлік сыныбы өтті
Біздің оқу орнымызда профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге арналған «Эмоционалдық интеллектті дамыту жолдары» тақырыбындағы шебер-сынып өтті. Іс-шараны DBA, аға оқытушы Медетбекова А.А. жүргізді.
Мастер-класс барысында эмоционалдық интеллект ұғымы және оның адамның кәсіби және тұлғалық дамуындағы маңызы қарастырылды. Қатысушылар өз эмоцияларын дұрыс тануды және басқаруды, сондай-ақ басқа адамдардың эмоцияларын түсінуді үйрену туралы пайдалы ақпарат алды.

Сонымен қатар, тренинг форматында қатысушыларға келесі маңызды мәселелер талқыланған практикалық тапсырмалар ұсынылды: • эмоционалдық тұрақтылықты және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту; • тиімді қарым-қатынас және жанжалдарды шешу тәсілдері; • командалық жұмыста эмоцияларды басқару; • көшбасшылық қасиеттерді дамыту және мотивацияны арттыру.
Шеберлік сыныбына белсенді қатысқан студенттер мен оқытушылар эмоционалдық интеллектті дамытудың кәсіби жетістік пен жеке тиімділіктің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Шеберлік сыныбы жылы және достық атмосферада өтті, қатысушылар тәжірибемен бөлісіп, одан арғы дамуға жаңа білім мен шабыт алды.