«Esil University» мекемесі мен Орал мемлекеттік экономикалық университеті (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы) арасындағы оқытушылардың академиялық ұтқырлығы мен білім беру қызметтерін өзара ынтымақтастық аясында ҮрМЭУ «Қаржы, ақша айналымы, несие» кафедрасының э.ғ.д., профессоры Истомина Наталья Александровна 2026 жылғы 16 наурыздан 3 сәуірге дейін онлайн форматта «Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша (3 ECTS кредит көлемінде) «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттеріне сабақ өткізді.
Истомина Н.А. профессоры бюджеттік үдерістегі бюджеттік технологиялар мәселелерін, резервтік қорлардың қалыптасуын қарастырды, сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибе, қазақстандық және ресейлік практика негізінде бюджеттік қаражатты пайдалану механизмінің ерекшеліктерін ұсынды.

