Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де басқарушылық қаржылық есептілік бойынша дәріс өтті

«Қаржы» кафедрасының аптасы аясында қаржылық кеңесші Н.М. Жусупова «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2 және 3-курс студенттеріне «Басқарушылық қаржылық есептілікке кіріспе» тақырыбында қонақ дәріс оқыды.

Дәріс барысында кәсіпорын балансын жасаудың негізгі принциптері — белгілі бір күндегі активтер, пассивтер және меншікті капиталдың құрылымы қарастырылды. Сондай-ақ студенттер кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі кіріс пен шығыстарын есептеу әдістері, пайда немесе зиян алу туралы білді, сонымен қатар қаржылық есептілікпен және Excel бағдарламасымен жұмыс жасаудың практикалық дағдыларына ие болды.

Esil University-де басқарушылық қаржылық есептілік бойынша дәріс өттіEsil University-де басқарушылық қаржылық есептілік бойынша дәріс өтті

Студенттер дәрісті қызықты, түсінікті және интерактивті ретінде бағалап, оның болашақ кәсіби қызметке практикалық маңызын атап өтті.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық