Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Прокуратура күніне орай Esil University-де қонақ дәріс өтті

6 желтоқсанда атап өтілетін «Прокуратура күніне» арналған «Заң және тәртіп» іс-шаралары аясында «Esil University»-де «Құқық» кафедрасының қолдауымен университет студенттерінің прокуратурада 37 жылдық еңбек өтілі бар, «Құқық» кафедрасының доценті, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Игемbaев Қусайын Абзалбекұлымен кездесуі өтті.

Кездесуге сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары: Алихан Бикібаев, Самат Жасар және Марал Джансейтова қатысты. Студенттер «Қолданбалы ғылымдар» факультетінің деканы А.А. Мұхаметжанова, «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, ғылым кандидаты, доцент А.Қ. Қалиев, сондай-ақ аға оқытушылар Х. Маней қатысуымен кездесті.

Прокуратура күніне орай Esil University-де қонақ дәріс өттіПрокуратура күніне орай Esil University-де қонақ дәріс өтті

Кездесу барысында Игембаев Қусайын Абзалбекұлы студенттерге ҚР прокуратурасының қалыптасуы мен дамуы, оның қызмет бағыттары, қол жеткізілген жетістіктер мен ағымдағы міндеттер туралы айтты. Ол заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз етудегі, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, мемлекеттік құқықтық саясатты жүзеге асырудағы рөлін атап көрсете отырып, прокуратураның күрделі және көп қырлы жұмысына егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ ол прокуратура органдарында жұмыс істегісі келетін азаматтарға қандай қасиеттер мен талаптар қойылатынын атап өтті.

Студенттер қонақтарға қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық