Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Қаржы» кафедрасында Freedom Broker мамандарының қонақ дәрісі

«Қаржы» кафедрасы Кафедра аптасы аясында Freedom Broker компаниясының мамандарын — клиенттермен жұмыс жөніндегі аға менеджерлер Жілкібаев Қайрат Алтайұлы мен Ярышев Александр Александровичті — шақырып, қонақ дәрісін ұйымдастырды.

Дәріс «Қаржы» мамандығының 3-курс студенттері үшін «Опциондармен танысу» тақырыбында өткізілді. Дәріс барысында мамандар қор нарығының жұмыс істеу негіздері, Freedom Broker компаниясының Қазақстан нарығындағы қызметі туралы айтты. Бағалы қағаздарға инвестициялаудың инвестициялық нарықтың басқа құралдарымен салыстырғандағы артықшылықтары көрсетілді. Дәріс оқушысы опциондармен жұмыс істеу ережелерін баяндап, нарықтың ең тартымды құралдарын таңдаудың нақты мысалдарын келтірді.

«Қаржы» кафедрасында Freedom Broker мамандарының қонақ дәрісі«Қаржы» кафедрасында Freedom Broker мамандарының қонақ дәрісі

Студенттер дәріске қызығушылық танытып, мамандарға белсенді сұрақтар қойды. Талқылауға кафедра меңгерушісі мен оқытушылар қатысты. Дәріс материалдары 3-курс студенттерінің «Бағалы қағаздар нарығы» пәнін оқу барысында меңгерген кәсіби білімдерін практикаға бағытталған оқыту тұрғысынан толықтырды. Өткізілген дәріс арнайы пән бойынша білімді тереңдетуге ықпал етеді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық