Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де шетелдік қонақпен кездесу өтті

Esil University бірінші курс студенттерімен университет қонағы — АҚШ азаматы, ағылшын тілі оқытушысы Келли Вильям кездесті. Кездесу тақырыбы АҚШ-тағы өмірге арналды, ал оның басты мақсаты тыңдалым дағдыларын және ағылшын сөзін тыңдап түсіну қабілетін дамыту болды.

Іс-шара СГП кафедрасының ағылшын тілі секциясы ұйымдастырды. Кездесу барысында қонақ студенттерге АҚШ-тағы білім беру жүйесі туралы айтып берді, сондай-ақ Испанияда, Ресейде және Қазақстанда тұру және ағылшын тілін оқыту жөніндегі жеке тәжірибесімен бөлісті. Келлидің күйеуі Уильям да Астанада ағылшын тілін оқытатыны атап өтілді.

Esil University-де шетелдік қонақпен кездесу өттіEsil University-де шетелдік қонақпен кездесу өтті

Студенттер кездесу тақырыбына жоғары қызығушылық танытты және АҚШ-та оқу мүмкіндіктері туралы, атап айтқанда, көптеген сұрақтар қойды. Бұдан басқа, Келли Уильям американдық спорт түрлеріне тән спорт мүкәммалдарын — американдық футбол добы мен бейсбол қолқаптарын ұсынды және Америка Құрама Штаттарында осы спорт түрлерінің танымалдығы туралы айтты.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық