Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өтті

Esil University-де Тұрсынбек Қақышев атындағы №94 мектеп-гимназия оқушылары үшін танысу экскурсиясы өтті.

Түлектермен бірге оқу орнын болашақ мамандықты таңдауда жәрдем беретін кәсіпбағдарлаушы Аханова Гүлнұр барып қайтты.

Esil University-де оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өттіEsil University-де оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өтті

Іс-шара барысында кәсіптік бағдарлау бөлімінің маманы Нурсеитов Азамат түсушілерге оқуға түсу мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары және университетте оқудың артықшылықтары туралы толық ақпарат берді. Студенттердің кәсіби дамуы және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Экскурсия оқушыларға университеттің заманауи білім беру ортасы және инновациялық технологияларды енгізу деңгейімен танысуға мүмкіндік берді. Қатысушылар жасанды интеллект зертханасына барып, онда жетекші Есенжолов Жаңғыр цифрландыру саласындағы жетістіктерді таныстырып, оқу үдерісінде AI-технологияларын қолдану туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ бағдарлама аясында «Менеджмент» кафедрасының студенті Мелс Арман болашақ көшбасшыларды дайындау тақырыбы бойынша презентация жасап, білім беру бағдарламасының әлеуетін және кафедраның басқарушылық құзыреттіліктерді қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Осындай іс-шараларды өткізу мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануына ықпал етеді, жоғары білім жүйесі туралы түсінігін кеңейтеді және болашақ мамандықты саналы таңдауға көмектеседі.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық