Шақырылған лектор Бегалин Н.Н., тауар нарықтары мен мұнай-газ секторы бойынша кеңесші, капитализм тарихынан құнды және танымдық материалмен бөлісті.
Атап айтқанда, 12–15 ғасыр кезеңіндегі еркін қалалар институтының қалыптасуы мен дамуы тарихы бойынша мәселелер қарастырылды. Қонақ дәрісіне «Менеджмент» мамандығының 1 және 3 курс студенттері қатысты. Дәріс барысында студенттер белсенді сұрақтар қойып, пікірталас жүргізді, тақырыпқа қызығушылық танытты. Қонақ дәрісін Бизнес және басқару факультетінің деканы Алина Г.Б. жетекшілігімен «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» және «Экономика және маркетинг» кафедралары ұйымдастырды.


