Esil University-де «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы ұйымдастырған «Enjoy English» атты ағылшын тіліндегі викторина өтті. Іс-шараны аға оқытушылар Нураханова Э.М. және Мусаканова Г.Е. жүргізді.
Зияткерлік жарыста «Әлемдік экономика» және «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» бағыттары бойынша оқитын бірінші курс студенттері қатысты. Қатысушылар ағылшын тілін жоғары деңгейде білетіндіктерін, эрудициясын және командада жұмыс жасай алатындықтарын көрсетті.


