Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де волейбол турнирі өтті

«Алатау» спорт кешенінде университет студенттері арасында волейбол турнирі өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында ұйымдастырылды және оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, спортқа қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ командалық рухты дамытуға бағытталды.

Жарыстарға 8 команда қатысты. Ойындар шиеленісті және серпінді атмосферада өтіп, студенттердің жоғары дайындық деңгейін және жеңіске ұмтылысын көрсетті.

Esil University-де волейбол турнирі өттіEsil University-де волейбол турнирі өтті

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: • 1 место — команда «Есіл»; • 2-орын — дайындық бөлімінің (Foundation) «Бауырлар» командасы; • 3 орын — «Бизнес және басқару» факультетінің «Финстат» командасы.

Сонымен қатар, турнир аясында арнайы номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды. Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге әлеуметтік ғылымдар кафедрасының дене тәрбиесі оқытушылары Бекзат Болатов пен Жалғас Балманов елеулі үлес қосты. Сондай-ақ университет студенттермен жұмыс жөніндегі деканы Шынар Күнгелдіқызына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді. Esil University турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, одан әрі спорттық жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық