Esil University-де халықаралық қатынастар бөлімінің жетекші маманы Айғаным Оспанованың қатысуымен кураторлық сағат өтті. Кездесу «Статистика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін ұйымдастырылды, куратор — Т.М. Аскарова.
Кездесу барысында студенттерге академиялық мобильділік мүмкіндіктері мен халықаралық білім беру бағдарламалары туралы айтылып, қатысуға қойылатын талаптар, құжаттарды тапсыру тәртібі және қаржыландыру шарттары түсіндірілді. Erasmus+ бағдарламасына ерекше назар аударылды.


