Еуразиялық ұлттық университетінде «Әлеуметтік жұмыс» дайындық бағыты бойынша кадрлар даярлаудың Оқу-әдістемелік бірлестігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің жобаларды басқару тобының кеңейтілген мәжілісі өтті. Біздің университеттен «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Бурганова Р.И. қатысты.
«Әділ Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм: әлеуметтік қорғау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтудағы университеттердің рөлі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.


