Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Сарапшылар зорлық-зомбылықтың алдын алуда жаңа тәсілдерді ұсынды

Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратында «Мүгедектігі бар адамдардың арнайы қажеттіліктерін ескере отырып, гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою» оқу модулін әлеуметтік қызметкерлерді даярлау бағдарламаларына енгізуге арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара ЮНФПА қолдауымен 2016 жылдан бастап Қазақстанда іске асырылып жатқан Стандарттық операциялық процедураларды (СОП) бейімдеу аясында өтті. Мүгедектігі бар адамдарға көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Сарапшылар зорлық-зомбылықтың алдын алуда жаңа тәсілдерді ұсынды

Дөңгелек үстел шеңберінде «Мүгедектігі бар адамдардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою» оқу модулі және оны Қазақстан ЖОО-ларында «Әлеуметтік жұмыс» бағытындағы білім беру бағдарламалары шеңберінде әлеуметтік жұмысшыларды даярлаудың білім беру бағдарламаларына одан әрі интеграциялау жолдары талқыланды.

В обсуждении приняли участие представители Министерство Науки и Высшего Образования Республики Казахстан, ЮНФПА, Ассоциация женщин с инвалидностью «Шырақ» и вузов страны.

Біздің жоғары оқу орнынан «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасынан п.ғ.к., доцент Бурғанова Р.И. және «Әлеуметтік жұмыс» ОБ жетекшісі Әдебиетова А.Е. қатысты.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық