Мансап орталығы кафедралармен бірлесіп Esil University университеттің 25 жылдығына орайластырылған мерейтой іс-шаралары аясында түлектермен кездесу өткізді. Кездесуге университет өкілдері, әр жылдардағы түлектер және жұмыс берушілер қатысып, жұмысқа орналасу мен кәсіби даму мәселелерін талқылады.
Іс-шара барысында бірінші проректор – академиялық қызмет жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының докторы Серік Мақыш өз сөзінде біздің түлектер — университеттің мақтанышы және бүгінгі кездесу тек жетістіктермен бөлісу мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге түлектер мен университет арасындағы байланысты нығайту және олардың кәсіби өсуіне ықпал ету үшін маңызды платформа екенін атап өтті.


