Жезқазған қаласында (Ұлытау облысы) «таяқ тарту» ретінде белгілі ұлттық спорт түрі — мас-рестлинг чемпионаты өтті. Жарыстарға бүкіл Қазақстаннан шамамен 100 спортшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Esil University «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» мамандығының 1-курс студенті Қамбар Нұрғазин 80 кг дейінгі салмақ санатында 2-орын алды. Бұл нәтиже арқасында ол 2025 жылдың маусымында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды.

