Б-Юр 25/1 (1 топ) және Б-Юр 25/1 (2 топ) топтарының кураторы, философия докторы (PhD), «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы м.а. Қалмағанбетова Д.Б. студенттермен бірге жастар арасындағы нашақорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған қалалық музыкалық концертке қатысты, ол Қалалық филармония ғимаратында өтті.
Іс-шара салауатты өмір салтына бағытталған тұрақты өмірлік ұстанымды қалыптастыруға, сондай-ақ студент жастардың жеке жауапкершілік пен құқықтық сана мәселелеріне назарын аударуға бағытталды. Ұйымдастырушылар студенттік аудиторияны жағымсыз факторлардың ықпалына ең осал топтардың бірі ретінде ерекше атап өтті.

