«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ филиалының базасында «Финансы» мамандығының 4-курс студенттері үшін «Банктің қызметіндегі инновациялар» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Дәріскерлер ретінде банк мамандары — Алиев З.А., Астана қаласы филиалының корпоративтік клиенттермен жұмыс бөлімінің бастығы, Ргебаева Д.Ж., эквайринг бөлімінің бас маманы шақырылды.
Өз сөзінде банк мамандары студенттерге банктің қазіргі жағдайымен, осы банкті Қазақстандағы басқа екінші деңгейлі банктерден ерекшелендіретін банктік бизнес бағыттарымен толық таныстырды. Инновациялық технологияларды цифрлық форматта қолдана отырып жүзеге асырылатын банктік өнімдер қарастырылды. Тірі практикалық материалда қызмет көрсетудің цифрлық форматын енгізудің банк үшін қаншалықты тиімді екені көрсетілді. Тақырып сұрақтары 4-курс студенттерінің «Банктерді қаржылық талдау» пәні бойынша оқытылатын материалмен ұштастырылды.


