Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасының оқуы өтті. 5 күндік оқуға Esil University-нің 3–4 курс студенттері қатысты.
«Мен 15 қаңтардан 19 қаңтарға дейін мемлекеттік қызметшілер академиясында оқыдым, оқу жақсы өтті, біз бір-бірімізбен қарым-қатынас жасадық, жұмыстарымызды талдадық және таныстырдық, менің ойымша, болашақта бұл бізге көмектеседі», — деп бөліседі «МЖБ» білім беру бағдарламасының 4-курс студенткасы Ақнұр Ақанова.


