Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Туризм» БББ студенттері көшпелі сабақ аясында Wyndham Garden Astana қонақүйіне барды

«Туризм» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Wyndham Garden Astana халықаралық қонақ үй кешенінің (Хүсейн Бен Талап көш., 25) базасында практикаға бағытталған шығу сабағына қатысты. Іс-шара туризм және қонақжайлылық индустриясының болашақ мамандарының кәсіби білімін кеңейтуге бағытталды.

Сапар кезінде студенттер қонақ үйдің басқару құрылымымен, қызмет көрсету стандарттарымен және негізгі бөлімшелерінің жұмысымен таныс болды: фронт-офис, қабылдау және орналастыру қызметі, брондау, маркетинг және housekeeping бөлімдері. Қонақ үй өкілдері Wyndham брендінің корпоративтік стандарттары, заманауи сервистік технологиялар және клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету әдістері туралы айтып берді.

«Туризм» БББ студенттері көшпелі сабақ аясында Wyndham Garden Astana қонақүйіне барды

Практикалық сабақ студенттерге қонақ үй бизнесінің нақты үдерістерін көруге, оларды теориялық білімдерімен салыстыруға және саладағы мамандарға қойылатын талаптарды түсінуге мүмкіндік берді.

Қолданбалы ғылымдар факультеті мен «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасы студенттердің кәсіби дайындығына сіңірген еңбегі мен ынтымақтастығы үшін Wyndham Garden Astana қонақ үйіне алғысын білдіреді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық