Деструктивті идеологиялардың алдын алу және студенттердің сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру жұмысы аясында «Экономика және маркетинг» кафедрасының топ кураторы Замбинова З.Б. «Жоқтыққа жол» деректі фильмін көрсетіп, кураторлық сағат өткізді.
Іс-шараға тақырыптық әңгіме және жастарды радикалды ағымдарға тартудың тетіктерін, экстремистік ұйымдардың қызметінен зардап шеккен адамдардың нақты тарихтарын, сондай-ақ деструктивті топтардың манипуляциясы мен психологиялық қысымының қаупін демонстрациялайтын материалды талдау кірді.

