Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттеріне шешендік өнер бойынша шеберлік сыныбы өткізілді

«Менеджмент» кафедрасының апталығы аясында «Экономика», «Әлемдік экономика және Маркетинг» мамандықтарының 4-курс студенттеріне «Көшбасшылық және жеке тиімділік» пәні бойынша «Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.

Дәріске тәжірибелі шешендер Нелли Үркенова және Нұрлан Түлегенов шақырылды. Іс-шараның спикерлері шешендік өнер бойынша практикалық тренинг өткізіп, дикция бойынша практикалық кеңестер мен тапсырмалар берді, сондай-ақ импровизация дегеніміз не екенін түсіндірді.

Esil University студенттеріне шешендік өнер бойынша шеберлік сыныбы өткізілдіEsil University студенттеріне шешендік өнер бойынша шеберлік сыныбы өткізілді

Студенттер қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды.

Нелли мен Нұрланға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреміз. Сондай-ақ «Менеджмент» кафедрасының оқытушыларына қызықты іс-шаралар өткізгені үшін алғыс айтамыз.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық