2025 ж. 14 шілдеЖаңалықтар
Кореядан келген университетпен ынтымақтастық
Esil University халықаралық серіктестікті кеңейтуде: Kyungdong University Global (KDU Global, Корея Республикасы) өкілдерінің ресми визиті аясында ынтымақтастық туралы меморандумға, қос диплом туралы келісімге және академиялық алмасу туралы келісімге қол қойылды.
Университетке KDU Global президенті проф. д-р John Lee және халықаралық факультет деканы Dr. Sirojiddin Juraev келді.
Esil University атынан келіссөздерге ректор, э.ғ.д. Аяпберген Таубаев және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас маманы Мадина Аманова қатысты.
«Халықаралық ынтымақтастық — университетіміздің дамуының маңызды бағыты. Біз студенттер үшін академиялық мобильділіктің, кәсіби өсудің және жаһандық білім беру кеңістігіне интеграцияланудың барынша кең мүмкіндіктерін жасауға ұмтыламыз», — деп атап өтті Esil University ректоры Аяпберген Таубаев.